$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Астаналық 6 соғыс ардагері 5 млн теңгеден алды

Астаналық 6 соғыс ардагері 5 млн теңгеден алды

Астанада 6 соғыс ардагері бар. Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай, жергілікті бюджеттен қарт майдангерлерге 30 миллион теңге қарастырылған. Әрқайсысына 5 миллион теңгеден берілді. Сондай-ақ соғыс ардагерлері қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, коммуналдық қызметтерге көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, курортта ем алу, тіс протездеу қызметтерін жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін ала алады. Қажет болған жағдайда есту аппараттар, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен басқа да оңалту құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жеңіске үлес қосқан 1214 елордалық азаматқа да материалдық көмек көрсетіледі. Төлемдер мәртебесіне қарай 58 мың теңгеден 176 мың теңгеге дейін қарастырылған. Жәрдемақыны тыл еңбеккерлері, қоршауда қалған Ленинград тұрғындары, бұрынғы концлагерь тұтқындары және қаза тапқан майдангерлердің отбасылары алады.