Ақтөбеде Жеңістің 80 жылдығы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай мектеп оқушыларына ерлік сабағы өтті. Оған Білім гимназиясының 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Кездесуге әскерилер мен ардагерлер арнайы шақырылған. Жиында майдангерлердің батырлығы, олардың ерлік жолдары таныстырылды. Оқушыларға деректі фильм көрсетіліп, әскерилер мен ардагерлер олардың сауалдарына жауап берді.
АЙСҰЛТАН БАЙМҰХАНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
Ертеңгі күні жастары кәмелетке толғанда Отан алдындағы борышын өтеуге шақырғанда олар кейін қарай шегіншектемей алға қарай ұмтылып, отан қорғаушы болуға әрқашанда дайын болуы керек. Сондықтанда осындай кездесулер жастар арасында көбірек өткізген дұрыс деп есептеймін.