$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Министр Саясат Нұрбек "Бірге кітап оқиық" аманаты бойынша оқырмандарға ерекше кітап ұсынды

17.04.2025ж. 20:00
147
Министр Саясат Нұрбек "Бірге кітап оқиық" аманаты бойынша оқырмандарға ерекше кітап ұсынды

“AMANAT” партиясының "Бірге кітап оқиық" аманаты жалғасуда. Бұл жолы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қалың оқырманға жасанды интеллект бойынша әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли-дің еңбегін оқуға шақырды.

“Бірге кітап оқиық” аманатының кезекті қатысушысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болды. Оған келесі кітапты таңдауды көрнекті жазушы Төлен Әбдік жолдаған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаппай кітап оқитын ұлтқа айналдыру идеясына өз үлесімізді қосу мақсатында "AMANAT" партиясының қолдауымен "Бірге кітап оқиық" жобасын бастаған едік. Өткенде қазақстан халық жазушысы Төлен Әбдікке кірдік. Келесі кітапты анықтауды сізге ұсынған еді. Сол себепті біз осындамыз.

Саясат Нұрбек оқырмандарға жасанды интеллект бойынша әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли-дің ебегін оқуды ұсынды. Кітап "Жасанды интеллект 2041" деп аталады.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Менің осы жобаның аясында ұсынатын кітабым атақты қытайдың жасанды интелект саласындағы сарапшысы Кай ФУ ЛИИ деген кісі. Жақында ол қазақстанға келіп біздің Президентімізбен кездесті. Президент жанында үлкен халықаралық жасанды интеллект саласындағы қазір кеңес құрылып жатыр. Сол кеңестің мүшесі болады Кай Фу Лии мырза. Бұл кітап "Жасанды интеллект 2041" деп аталады.


Кітапта сарапшы жасанды интеллектің рөлі қандай? Ол біздің өмірімізді қалай өзгертеді деген сұрақтарға талдау болжамдар жасалған. Жаңа форматтағы еңбекті әлеуемттік желі оқырмандары да жылы қабылдады.

БЛИЦ:

- Кітапты мейілінше көп оқиық, ұлттың болашағы жарқын болсын.
- Жоба аясында ұсынылған кітаптарды оқығанмын, жаңа не шығып қалар екен деп жүр едім. Міне шықты, расында форматы мүлде бөлек екен.
-Әрбір кітапты достарымызбен бірге талқылап жүрміз. Осы жолғысы ерекше екен.


Жоба ережесіне сәйкес министр келесі кітапты таңдауды Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлына және  “AMANAT” партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлына жолдады.