Павлодарда «Таза Қазақстан» акциясы аясында еріктілер «ЭкоСеруен» атты экологиялық ойын өткізді. Мақсат- жастарды қоршаған ортаны қорғауға баулу. Әрі экологиялық білім деңгейін арттыруға бағытталған. Ойын барысында жастар түрлі сұрақтарға жауап беріп, экологияны сақтаудың жолдарын ортаға салды. Экология мәселесі Павлодар секілді өндірісті өлке үшін өте күрделі. Сол себепті жастар улы заттардан қорғану үшін ағаш егу, гүл егу секілді жұмыстардың күшейтуге көңіл бөлмек. Ойынға 14 пен 35 жас аралығындағы белсенді жастар қатысты. Бәйге екі кезең бойынша өтті.
АЙЖАН ҚАЛИ, ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жеңіл нұсқасында бізде экологиялық зейін дамытуға бағытталған сұрақтар мен рефлекцияға тапсырмалар болады. Мысалы, суды үнемдеу неге маңызды деген сияқты. Ал күрделі нұсқасында ол бізде Қазақстан экологиясында сол туралы фактілерді қамтитын нақты ждауаптары бар сұрақтар болады. Мысалы, Каспий теңізінің ластануы неге деген сияқты.