Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Астана» велоклубы «Тур де Франстағы» команда құрамын жария етті

AstanaTV
26.06.2017ж. 20:00
1997
«Астана» велоклубы «Тур де Франстағы» команда құрамын жария етті

Конфедерация кубогында барлық финалистердің тізімі белгілі болды. Германия футбол құрамасы шешуші сәтте камерундықтарды 3:1 есебімен тізе бүктірсе, Чили Австралиямен тең түсіп-ақ, келер кезеңге жолдама алды. Енді осы айдың 28-ші жұлдызында Чили құрамасы Португалиямен кездесетін болады. Спорт әлеміндегі басты жаңалықтар келесі топтамада.

BoxingScene таратқан инсайдерлік ақпаратқа сай, жерлесіміз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы кездесуді Pay-per-view жүйесі, яғни тікелей трансляцияда тамашалаудың құны 25 мың теңге немесе 75 доллар тұрады. Бұл кездесу бокс тарихындағы ең табысты көрсетілім болады деген жорамал бар. Боксты аталмыш жүйе арқылы әдеттегідей Американың HBO арнасы көрсетеді. Бокс сүйер қауым асыға күтіп жүрген кездесу 16-шы қыркүйек күні Лас-Вегастың 20 мың орындық бокс орталығында өтеді. Барып көретіндер үшін билет құны 300 доллар мен 5000 мың доллар аралығында.



«Барыс» клубының екі бірдей ойыншысы дәстүрлі «Клуб патриоты» орденін төсіне тақты. 10 маусым қарсаңында клубта қанша ойыншы тек осы клубта көп уақыт өткізгені есептелген. Олардың саны көп болмай шықты, небары 11 адам. Оның екеуі Астана командасының өкілі, Савченко мен Старченко Романдар.


Ал «Астана» велоклубы «Тур де Франс» турнирының екінші маусымына қатысатын команда құрамын бекітті. Бұған дейін уәде етілгендей, маусым басына бірден 4 бірдей қазақстандық,  Бахтияр Кожатаев , Алексей Луценко, Андрей Зейц және Дмитрий Груздев қатысады. Байрақты бәсеке осы сенбіде басталады. Германия, Бельгия және Люксембург сынды елдердің шекарасын басып өтетін жарыс жолының ұзындығы 3 516 шақырымды құрап отыр. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ