Танымал әртіс әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров некелесті. Енді екеуі заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Бұл туралы олар өз Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды aikyn.kz.
"Жаңа қадамның басы" деп жазған парақшада ерлі-зайыптылар суреттері салынған.
Бұған дейін олар мешітте некесін қиған. Ол жайында ерлі-зайыпты жылдың басында қаңтар айында жария етті. Айта кетейік, Айжұлдызға блогер Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.