$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қарағанды облысында көлік апатынан екі жолаушы мерт болды

AstanaTV
18.04.2025ж. 20:00
70
Қарағанды облысында көлік апатынан екі жолаушы мерт болды

Қарағанды облысында көлік апатынан екі жолаушы қыршынынан қиылды. Алдын ала болжам бойынша оқиғаға жүргізушінің  қалғып кетуі себеп болуы мүмкін. Қайғылы жағдай «Алматы – Қарағанды» автожолында облыс орталығынан 25 шақырым жерде болған. «Альфард»  автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, машина жол шетіне аударылды. Салдарынан екі жолаушы сол жерде қаза тапты.

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның аясында қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.