$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Астанада 7 жылға сотталған ерлі-зайыптыға қатысты аппеляциялық сот отырысы басталды

Астанада 7 жылға сотталған ерлі-зайыптыға қатысты аппеляциялық сот отырысы басталды

Астанада 7 жылға сотталған ерлі-зайыптыға қатысты аппеляциялық сот отырысы басталды.  Еске салайық, жеке кәсіпкердің қарамағында есепші болып жұмыс істеген Мария мен жолдасы Нұрсұлтан қоймада тұрған автобөлшектерді сатып, қаржысын қалтасына басты, жәбірленушіге 70 млн теңге шығын келтірді деген айыппен сотталған. Бірақ, олар кінәні мойындамай, сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Сондықтан, жақындары аппеляциялық сотқа шағымданған.  Бүгін алғашқы отырыста  айыпталушы тараптың қорғаушылары өз уәждерін алға тартты. Айтуынша, қисынсыз айыптау көп. Қазір бас бостандығынан айырылған азаматтардың кәмелет жасына толмаған екі баласы бар. Оған қоса, әйелдің аяғы ауыр. Ерлі-зайыпты биыл ақпан айында қамауға алынған. Төрт жыл созбалаңға салынған дау әлі бітер емес. Келесі сот отырысы 21-сәуірге белгіленді.