$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Көлікті құжатсыз айдаған әкім қызметіне толық сай емес - Әдеп кеңесі

AstanaTV
18.04.2025ж. 20:00
102
Көлікті құжатсыз айдаған әкім қызметіне толық сай емес - Әдеп кеңесі

Батыс Қазақстан облысындағы Казталов ауданы Бостандық ауылының әкімі көлікті құжатсыз айдағаны үшін қызметіне толық сай емес деп танылды. Ауыл әкімі осыған дейін мас күйінде көлік айдап, жүргізушілік куәлігінен айрылған. Бірақ құжаты жоғына қарамастан, тағы да рөлге отырыпты. Ал өзінің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі қызының талмасы ұстап, қалаға тез жеткізуге тырысқан көрінеді. Сол кезде сақшылар жолдан тоқтатып, хаттама толтырған. Жаздым-жаңылдым деп кешірім сұраса да, әдеп кеңесі әкімге кеңшілік танытпады. Сыйақысынан қағылған ол енді тағы осындай бір сөгіс алса, жұмысынан қуылады.  

МҰРАТ БАЙСАЛОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ БҚОД БАСШЫСЫ:

Сылтау да болуы мүмкін. Енді оны біз нақты анықтаған жоқпыз. Себебі аталған тұлға өз бұзушылығымен толығымен келісті.