Алматыда 700 орындық мектептің қосымша ғимараты салынып жатыр. Нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Жоспар бойынша 2024 жылдың тамызында толық қолданысқа берілуі керек еді. Бірақ мердігер компания өз уәдесінде тұрмай, жұмыс тоқтап қалыпты. Дегенмен, қайта конкурс жарияланып, қазір №112-ші орта мектеп құрылысы жалғасуда. Қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
ЖАНДОС НӘДІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінгі таңда бұл ғимарат жаңа мердігердің айтуы бойынша 60 пайызға дайын деп отыр. Енді 40 пайызын ерекше мен өз бақылауыма алам. Біткенше келіп тексеріп тұрамыз, жұмыс қалай болып жатыр. Мердігерден сұрадым бүгінгі таңда қанша адам жұмыс істеп жатыр деп, 40 адам деді, ол аз дедік. Кемінде 100-150 адам болу керек.