$516.16 €584.86 ₽6.25
×

"Қалаларды дамытудың заманауи тәсілдерін енгізуде, кәсіптік оқыту бағдарламаларының маңызы зор ",- Д.Кәрібек

18.04.2025ж. 20:00
126
"Қалаларды дамытудың заманауи тәсілдерін енгізуде, кәсіптік оқыту бағдарламаларының маңызы зор ",- Д.Кәрібек

Астанада «Қалаларды трансформациялау және аумақтарды кешенді дамыту негіздері» оқу бағдарламасының оныншы мерейтойлық ағыны басталды. Республикалық білім беру бағдарламасына осы күнге дейін 250-ден астам маман қатысқан. Жобаның негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес заманауи урбанистиканың негізгін қамту. Шараның ашылуына "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы - Дәулет Кәрібек арнайы қатысты. Ол сәулеттік жобалау, кешенді құрылыс принциптері, көлік инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру да тізе біріктіріп жұмыс істеу маңызды деді.

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында өңірлердегі экономикалық және теңгерімсіздіктерді жою бойынша тапсырма берген болатын. Сондықтанда қазіргі таңда біздің партия Q88 секілді ассоциациалардың бір ойы осыны қалай дұрыстап жүзеге асырсақ.


Білім беру курсы үш күнге жалғасады. Жобада оқытушылар қала құрылысы жобаларын іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Тұрғын аудандарды жоспарлауды, жобалауды, қалалық ортаны цифрландыруды, тұрақты дамуды, көлік саясатын және абаттандыруды үйретеді. Партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қалаларды дамытудың заманауи тәсілдерін енгізуде, кәсіптік оқыту бағдарламаларының маңызы зор екенін айтты.

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Кеңістікті дұрыс басқару дегеніміз бұл кептелістерді шешуден бастап, әрбір жердегі жаяу жүргіншінің дұрыс жүруіне дейін мүмкіншілік береді. Ең бастысы азаматтардың денсаулығы. Біз кеңістіктерді дұрыс пайдаланып, оларды дұрыс басқарып жатсақ тұрғындардың жаяу жүруіне жағдай жасайтын болсақ. Жүрек ауру, қан айналымы секілді аурулардың алдын алады.