Алматы іргесінде Ащыбұлақ ауылдық округіндегі кәріз су қоймасынан 7 елдімекеннің тұрғындары зардап шегуде. Айтуларынша, олар қала шетіндегі тазарту кешенінен таралатын сасық иіске тұншығып отыр. Мәселені бірнеше жылдан бері құзырлыларға айтса да, шешімін әлі күнге дейін таппаған.
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Алматы су қоймасына қаланың түгел және облыстағы 4 ауданның кәріз суы жиналады. Осы жерде сұрапталады. Қолқаны қабатын иісті айтып жеткізе алмаймын, оны айтпаса да, білесіздер. Ал жақын маңдағы 7 ауылдың тұрғындары желді күні осы қолаңса иіске тұншығып отыр.
Тұрғындар кешке далаға шығу мүмкін емес дейді. Айтуларынша, балалар жиі ауырып, үлкендер де дем жетіспеушілігіне шалдыға бастаған. Билік басындағыларға 10 жылдан бері шағым жасап келгенімен еш өзгеріс болмапты.
СЕРІК АРХАТ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Іле ауданы бойынша тұрғындардың исі былай айтқанда қазірдің өзінде тұрғанның өзінде иіс сезіп тұрсыздар, өздеріңіз де байқайсыздар. Ал кештің уақытында есік ашу невозможно. Бұл ауылдық тұрғындарға өте ыңғайсыз.
МАДИНА КЕБИРХАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Біз осында тұрып жатқанымызға 5 жыл. Осы 5 жыл көлемінде келгеннен кейін 1 жылдан кейін қызымда демікпе ауруы пайда болды. Біз неден пайда болғанын түсіне алмай дал болдық. Біз бұл иістің канализациядан екенін білмедік сөздің шынын айтқанда. Осы 1,5 жыл көлемінде өтірік айтпасам бір 137 заявление қалдырып жатқан шығармын.
Ал жауапты мекеме өкілдері бұл кәріз жүйесі алғашында бос жатқан аумаққа салынғанын айтып, қонысын кәріз қоймасының қасына салған тұрғындардың өзін кінәлады. Жоба авторлары осы күндері иіс шығармаудың жаңа жолын іздеп жатырмыз деп сендірді.
СЕРІК ШАГИРОВ, "АЛМАТЫ СУ" МКК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Кәріз жүйесін алғаш салған кезде ол маңда бір үй болмаған. Ал қазір көбі канализацияға жақын етіп салған үйлерін. Олай болмауы керек еді негізі. Енді біз ол кәріз жүйесін алып тастай алмаймыз басқа жаққа. Бүгінде иіс мәселесін шешуге тырысудамыз. Басқа амалдарын қарап, жаңа жоба дайындап жатырмыз.
Жауаптылар қолаңса иіске тұншыққан тұрғындардың мәселесінің нақты қашан шешілетінін дөп басып айта алмады. Жергілікті жұрт бұл жолғы уәделер де аяқсыз қала ма деп алаңдаулы.