$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Алматыда бедеулікті емдеу және экстракорпоралды ұрықтандыру орталығының жаңа бөлімшесі ашылды

AstanaTV
18.04.2025ж. 20:00
197
Алматыда  бедеулікті емдеу және экстракорпоралды ұрықтандыру орталығының жаңа бөлімшесі ашылды

Алматыда жасанды интеллект қолданылатын инкубаторлармен жабдықталған  бедеулікті емдеу және экстракорпоралды ұрықтандыру орталығының жаңа бөлімшесі ашылды. Ол 6  қабаттан тұрады. Құрылысына 5 жыл уақыт кеткен.

Мұнда жылына 1000-ға жуық бала дүниеге келеді. 30 жыл бұрын негізі қаланған клиника Франциядағы дүниежүзілік экстракорпоралды ұрықтандыру тізіміне енген. Клиникада заманауи диагностикалық әдістер мен түрлі репродуктивті технологиялар қолданылады.
 
САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, «ECOMED» КЛИНИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДИРЕКТОРЫ:

30 жылдың ішінде 14 клиника аштық бүкіл Қазақстанның 12 облысында. 600-ден аса маман қазір жұмыс істейді. Бұл ғимарат сонымен қатар «Аңсаған сәби» бағдарламасына қызмет жасайды. 2021 жылдан бастап қарқынды жұмыс істеп жатырмыз.


2020 жылы президент бастамасымен «Аңсаған сәби» ұлттық жобасы старт алған болатын. Жыл сайын экстракорпоралдық ұрықтандыру процедураларына 7 мың квота бөлінеді. Нәтижесінде 2021 жылдың өзінде елімізде 3 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

2023 жылы «Аманат» партиясының қасынан «Әйелдер қанаты» құрылып, оның 10 басым бағыттарын  осы әйелдердің денсаулығын қолдау мәселесін қолға алды. бұл жерде әйелдердің репродуктивті денсаулығына қатысты әсіресе ауыл әйелдерінің денсаулығына қатысты үлкен бір жобалар басталды.


Қазіргі таңда бұл клиниканың арқасында 20 мыңға жуық нәресте туылған. Сырт мемлекеттен келетін емделушілер де бар.

МАРЖАН БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, «ECOMED» КЛИНИКАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-РЕПРОДУКТОЛОГ МАМАНЫ:

Бішкектен филиал деп айтамыз дәрігерлермен келісіп жұмыс жасаймыз, бізге пациенттер дайындап жіберіп тұрады. Өзбекстаннан келеді, Душанбеден келеді, одан да көп басқа мемлекеттерден өте көп пациенттер.


Алғашында үш кабинетті шағын зертхана боп ашылған орталық  30 жыл ішінде адам репродукциясы саласындағы үздік клиникалардың қатарында көш бастай алды.