Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, ай сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 25 558 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінде мегаполисте 21 қарт майдангер тұрады. Одан бөлек, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1457 адам, 6059 тыл ардагері бар.
21 соғыс ардагеріне 5 млн. теңгеден
Ай сайын - 25 558 теңге
Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер - 1457
Тыл ардагері - 6059