Алматыдағы №183 бөбекжай балабақшасында «Шығармашылықтың жаңа көкжиегі» жобасы іске қосылды. Мекеме педагогтары халықаралық тағылымдамадан өтіп, Малайзия мен Қытай елдеріндегі озық тәжірибені меңгерген. Балалардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, еркін ойлауына мүмкіндік беріп, қызығушылығына сай орта қалыптастыру – бүгінгі күннің басты бағыты дейді мамандар. Бұдан өзге балабақшадағы заманауи сазды-әуен залы танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің атына беріліп, ашылу салтанаты өтті.
ҒАЛИЯ ШАМЕТОВА, №183 БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Шетелдегі ерекшелік ол жерде көбісі жекеменшік балабақшалары дамыған. Балалардың шығармашылыққа бейім ба, қай дағдыға бейім сол бойынша еркіндік. Бала өзі немен айналысқысы келсе, сонымен айналысады. Үштік дейміз. Ата ана тәрбиеші және балалар. Осы үштікті біз жаңағы дамытып жатырмыз.