Елімізде I тоқсанда темекі мен папирос өндірісі 4,6 млрд данаға жетіп, бір жыл ішінде 42%-ға артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаңтар-наурыз айларындағы мұндай жоғары көрсеткіштер 2014 жылдан, яғни 11 жылдан бері тіркелмеген еді.
Темекі өнімдерінің өндірісі біраз уақыт бойы тоқырауда болды. Егер толық жылдар қорытындысын қарастыратын болсақ, 2017 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта бұл көрсеткіш 17-18 млрд дана деңгейінде өзгеріп отырған.
Осылайша, 2024 жылдың алғашқы үш айындағы динамика темекі мен папирос өндірісінің тұрақты өсу үрдісінің басталғанын көрсетуі мүмкін.
Қаңтар-наурыз айларында өндірілген темекі өнімдерінің құны 92,7 млрд теңгені құрады. Инфляцияны ескергеннің өзінде, өткен жылмен салыстырғанда, төрттен бір бөлікке артық.
Айта кету керек, Қазақстан өз-өзін темекі өнімдерімен жақсы қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдегі өндіріс барлық қолжетімді ресурстардың шамамен 80%-ын құраған.