$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Семейде маньяк жүргені туралы қорқынышты ақпарат тарады: полиция пікірі

AstanaTV
18.04.2025ж. 23:24
193
Семейде маньяк жүргені туралы қорқынышты ақпарат тарады: полиция пікірі
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысы Полиция департаменті мессенджерлерде тарап жатқан қорқынышты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, Семейде жасөспірімдерді өлтіріп жүрген маньяк бары туралы ақпарат тараған.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала аумағында мұндай оқиғалар тіркелген жоқ. Ақпарат тексеріс барысында расталған жоқ. Азаматтарды сабыр сақтап, тек құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдардың ресми ақпаратына сенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

ІІМ өкілдері Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату айыппұлдан бастап үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескерті.