$521.9 €593.5 ₽6.39
×

АҚШ Украинадағы жағдайды реттеу жұмыстарын тоқтатуы мүмкін - Марко Рубио

AstanaTV
19.04.2025ж. 07:48
76
АҚШ Украинадағы жағдайды реттеу жұмыстарын тоқтатуы мүмкін - Марко Рубио
Фото: X / SecRubio

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Парижде Украина бойынша көпжақты келісссөздер жүргізген соң осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Politico басылымының жазуынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украинадағы жағдайды реттеу бойынша нақтырақ жауаптарды келесі аптада Лондонда өтетін кездесу барысында алам деген үмітте.

Егер бұл істе қандай да бір жетістік болмаса Құрама Штаттар бұл проблемамен айналысуды тоқтатуы мүмкін, делінген еуропалық басылымдағы материалда.

- Біз кеше жақсы кездесу өткіздік. Меніңше, Франция, Ұлыбритания, Германиямен келіссөз нәтижелі, өте пайдалы болды. Біз оларға осы кездесу үшін алғыс айтамыз. Мен келесі аптаның басында тағы бір кездесу өткіземіз және онда нәтижеге қол жеткізуге қаншалықты жақынбыз деген мәселе төңірегінде нақты жауап аламыз деген ойдамын. Бұл істі созбалаңға салып жүре бермейміз, - деп мәлімдеді Рубио Франциядан ұшар алдында.

Украина бойынша келіссөздер келесі аптада Лондонда өтеді, уақыты әзірге белгісіз.

Рубио ол кездесуге кімдер қатысатынын әзірге білмейтінін, алайда, егер оның нәтижелі болатынынан үміт болса өзі қатысуға дайын екенін айтты.

Оның сөзінше, шиеленісті аяқтау мүмкін немесе мүмкін еместігін жақын аптада емес, жақын күндері білуге тырысу қажет. Егер ол мүмкін болса АҚШ оған күш салуға дайын.

Мемхатшының сөзінше, егер тараптар келісуге дайын емес болса, президент Дональд Трамп бұл істі тоқтататынын мәлімдеуі мүмкін.

- Біз бұл іске қанша уақыт қажет болса сонша қатысуға дайынбыз, дегенмен ол шексіз болмауы тиіс. Егер болмайтын болса бізге басқа жұмыстармен айналысу керек,- деді Рубио.

Мен бірнеше апта туралы айтып тұрмын, бұл істі алдағы бірнеше аптада жүзеге асыра аламыз ба ?. Егер ол мүмкін болса, онда біз оған қатысамыз, егер мүмкін болмаса біздің назарға алуымыз керек басқа басымдықтарымыз бар.

Марко Рубио бейсенбі күні атысты тоқтату туралы келіссөздерді Франция президенті Эмманюэль Макронмен және Германия, Украина мен Ұлыбританияның жоғары деңгейдегі делегацияларымен өткізу үшін Франция астанасына арнайы елші Стив Уиткофпен және Кейт Келлогпен барды.