Спорттық гимнастикадан Дохадағы (Қатар) Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.Екі жүлде де еркін жаттығу бағдарламасы бойынша Қазақстан қоржынына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай иеленіп, чемпион атанды.
Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде еншіледі.
Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.