Қайғылы оқиға Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолында (Ақмола облысы) болды: 14-16 жас аралығындағы 16 бала мінген шағын автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізуші жүк көлігінен басып озбақ болған, бірақ тізгінге ие бола алмай қалған. Балалар Павлодардан Астанаға жарысқа бара жатқан.
Жол апатынан жаттықтырушы қайтыс болды, ал балалар ауруханаға жеткізіліп, қазір дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті спорт мектебінің басшылығы оларға сапар туралы хабарламағанын, сондықтан патрульдік алып жүру ұйымдастырылмағанын айтты.