Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған жарыста 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық былғары қолғап шебері Сәкен Бибосынов чемпион атанды.
Финалда Сәкен ресейлік спортшы Денис Палшинмен жұдырықтасып, айқын басымдықпен – 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол турнирдің басты жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 1992 жылы дүниеге келген. Ол 2021 жылы бокстан әлем чемпионы атанса, 2019 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль иеленген. Сонымен қатар, 2020 жылы өткен Токио Олимпиадасында үздік үштікке енген болатын.