$521.9 €593.5 ₽6.39
×

УЕФА президенті Астанаға ресми сапармен келеді

AstanaTV
20.04.2025ж. 09:28
55
УЕФА президенті Астанаға ресми сапармен келеді

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александр Чеферин 25 сәуірде Астана қаласына ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sport Pulse басылымына сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрманның айтуынша, бұл сапар Қазақстан футболы күніне орайластырылған және УЕФА мен ҚФФ арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

«Александр Чеферин бұған дейін де Қазақстанда болған – ол «Қайрат» клубының академиясын жеке сапармен аралаған еді. Бұл жолы сапары ресми сипатқа ие. Бағдарлама аясында ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Қазақстан футбол федерациясына барып, брифинг пен келіссөздер өткізеді», – деді Құрман.

Ресми сапар аясында Қазақстан мен УЕФА арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар талқыланады деп жоспарланып отыр.