$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Мемлекет басшысы барша христианды Пасха мерекесімен құттықтады

AstanaTV
20.04.2025ж. 08:09
113
Мемлекет басшысы барша христианды Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Құрметті отандастар! Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор, — деді Президент.

Мемлекет басшысы басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамда маңызды рөл атқаратынын айтты.

— Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады. Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.