Бүгінгі
саяси науқанда алғашқылардың бірі болып дауыс бергендер зейнеткерлер болды. Белсенділік танытқандардың қатарында Шымкенттегі қаттар үйінің
тұрғындары да бар. №80 сайлау учаскесінің ашылуын тағатсыздана күткен
зейнеткерлер өз таңдауын жасауға асыққандарын айтады. Бұл күннің маңызын жақсы
түсінетін аға буынның көңілі көтеріңкі. Мерекедегідей жасанып алған барлығы.
Алғашқылардың қатарында өз таңдауын
жасағандардың бірі - 77 жастағы Бүркітбай Мамырбаев. Ақсақал бүгінгі күн қос
мереке деп біледі.
Бүркітбай
Мамырбаев, сайлаушы:
Сайлаудың
Наурыз мейрамымен тұспа-тұс, қабат келгеніне біз қуаныштымыз. Біз осы
дайындалып сайлауға қатысуға, өз дауымысызды бердік. Біздің дауысымыз маңызды
деп есептейміз. Неге десеңіз, осы сайлау арқылы еліміздің саясаты қалыптасады.
Ғалымбек
Сүгірәлиев, Шымкент қаласы № 80 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы:
№80 сайлау учаскесі өз жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. Аталарымыз бен
апаларымыз жақсы, сайлауға белсенді қатысып
жатыр. Сайлаушыларымыздың бір сағаттың ішінде 62-сі дауыс берді. Құдай
қаласа, сағат 11-ге дейін біз бітіреміз
деп отырмыз.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ