$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Көрші елде жойқын жер сілкінісі болды

AstanaTV
20.04.2025ж. 15:35
97
Көрші елде жойқын жер сілкінісі болды

Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономды облысындағы Ишкашим ауданында магнитудасы 5,5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өзбекстанның Сейсмология орталығы мәлімдеді.

Жерасты дүмпулері 11:47-де Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын маңда болған. Зілзаланың эпицентрі Ишкашим ауданынан 69 шақырым оңтүстікте орналасқан, ал ошағы 120 шақырым тереңдікте тіркелген.

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетерлігі, соңғы бір апта ішінде бұл аймақта алты рет жер сілкінісі болған. Ең күшті дүмпу 13 сәуірде тіркеліп, оның магнитудасы 5,8 баллды құраған. Сол кезде 29 үй мен бір білім беру мекемесіне зақым келген еді.