$521.9 €593.5 ₽6.39
×

ҚПЛ: «Қайрат» Қызылордада «Қайсармен» тең түсті

AstanaTV
20.04.2025ж. 22:00
89
ҚПЛ: «Қайрат» Қызылордада «Қайсармен» тең түсті

 Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші турында алматылық «Қайрат» сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» тең ойнады. 

Алматылық клуб биыл біріншілікті сәтті бастаған еді. Алғашқы бес ойыннан кейін 13 ұпай жинап, бірінші орынға жайғасты. Бұдан бұрын қатарынан төрт мәрте жеңіске жеткен олар бұл жолы да үш ұпай олжалап қайтуға күш салды.

Десе де оларға қызылордалық ұжым лайықты ойын көрсетті. Кілең қазақстандық футболшылардан құралған «Қайсар» тәжірибелі қарсыласына төтеп бере білді.

Нәтижесінде кездесу 0:0 есебімен тең аяқталып, кішігірім сенсация тіркелді.

Бұл туралы кaz.inform.kz хабарлайды.