Қостанайда салмағы 7 келі, бойы 60 см болатын алып сәби дүниеге келді. Бұл туралы kostanaynews хабарлайды.
Қостанай облыстық перинатальды орталығында салмағы 7 келіге жуық, бойы 60 см-ден асатын сәби өмірге келді. Рауан жас қостанайлық отбасындағы үшінші бала. Оны үйде үш жастағы егіз әпкесі күтіп отыр. Қазір жас босанған ана мен нәрестенің жағдайы жақсы", - деп жазады kostanaynews басылымы.