$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Шымкентте мұғалімнен 1,2 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды

AstanaTV
21.04.2025ж. 12:27
87
Шымкентте мұғалімнен 1,2 млн теңге бопсалаған блогер ұсталды
Фото: Шымкент ПД

Шымкенттегі жалпы білім беретін мектеп қызметкері арыз жазып, полиция қызметкерлері С. есімді азаматты ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өзінің медиа саласындағы танымалдығын пайдалана отырып, аталған мұғалім туралы жағымсыз ақпарат тарататынын айтып қорқытқан. Бұл мәліметті жарияламау үшін ол 1,2 миллион теңге талап еткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті азаматтарға ескерту жасады. әлеуметтік мәртебесіне немесе қолданатын платформасына қарамастан, қорқытып ақша талап ету, бопсалау және қысым көрсету — қылмыстық жауапкершілікке әкелетін құқықбұзушылық. Осындай жағдайға тап болған азаматтар дереу құқық қорғау органдарына жүгінуі тиіс.