$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Астананың тағы бір көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

AstanaTV
21.04.2025ж. 13:36
68
Астананың тағы бір көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: gov.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі учаскеде Сарыбұлақ көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды Аstana TV.

Осыған байланысты, 21-28 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.