$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Рим Папасы Франциск қайтыс болды

AstanaTV
21.04.2025ж. 14:56
63
Рим Папасы Франциск қайтыс болды
Фото: Pixabay.com

Рим Папасы Франциск Ватиканда қайтыс болды, деп хабарлайды Astana TV.

Reuters мәліметінше, Ватиканда 88 жасына қараған шағында Рим Папасы Франциск қайтыс болды.

Ол Рим Папасы қызметінде жүрген 12 жыл ішінде өте көп аурумен ауырған еді.

Ол 2013 жылы понтифик болып сайланып, тарихта Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа ретінде қалды. Франциск Аргентинада дүниеге келген.