$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Сенат төрағасы журналистерді төл мерекемен құттықтады

AstanaTV
27.06.2017ж. 20:00
2846
Сенат төрағасы журналистерді төл мерекемен құттықтады

Бүгін Сенат БАҚ өкілдерін «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен» құттықтады. Ойы алымды, қаламы қарымды журналистерге алғыс хаттар мен төс белгілер табысталды. Солардың қатарында "Астана" арнасының тілшісі Ольга Чапурина да бар. Сенат төрағасы жоғарғы палатаның қызметін белсенді түрле халыққа жеткізгені үшін алғыс хатпен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламентінің Сенат төрағасы:

Өз басым психологиялық тұрғыдан журналистикаға жақын адаммын. Өйткені бала кезімнен журналист болғым келді. Алайда, өмір ағымы мені басқа жаққа бұрды. Парламент қызметін терең түсініп, жаңалықты объективті түрде халыққа жар етіп жүрген тілшілерді кәсіби тұрғыда қатты бағалаймын. Парламентке қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды айтамын және алдағы уақытта да жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін.