Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелін аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Аудандық білім бөлімі күдіктінің мұғалім екенін растады. Оның педагогикалық өтілі — 21 жыл.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мектеп мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жарияланбайды. Іс департамент басшылығының бақылауында», деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
42 жастағы келіншек Шиелі аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір реанимацияда жатыр.
«Әйел ауыр жарақатпен 19 сәуір күні келді. Облыс орталығынан ауданға травматологтар мен нейрохирургтер келіп, әйелге ота жасады. Қазіргі таңда тиісті емдеу жүргізіліп жатыр», — деді аудандық аурухана қызметкерлері.