Жамбыл облысы Меркі ауданында бір үйдің үш баласы өлі күйінде табылған. Анасы қыздарының қимылсыз жатқан денесін, кешке жұмыстан келгенде бір-ақ көрген. Балалар газдан улануы мүмкін деген болжам бар.
МЕЙІРХАН ӨМІРБЕКОВ, МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өкінішке орай, дәрігерлердің қолдан келген көмекті көрсеткенмен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімдері ұйымдастырылып, зардап шеккен отбасыға әлеуметтік және психологиялық көмектер көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайын анықталуда.
Белгілі болғандай,балалардың әкесі де осы ауылдың азаматы. Бірақ екеуі заңды некеде емес. Әйел бұл баспананы жалдап тұрып жатқан.
"QAZAQGAZAIMAG" АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Тексеру барысында газ қазандығы мен түтін құбырына техникалық қадағалауы болмауы уланудың негізгі себебі болып табылатыны анықталды. Үйде қолдан жасалған жылыту қазандығы пайдаланылған. Оның түтін құбырын жылу оқшаулағышсыз және конденсат жинағышсыз қабырға арқылы басқарған. Желдету ауа өткізгіші болмаған.