Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты ауылдардың бірінде 42 жастағы әйелдің қолын жолдасы балталап тастаған. Қазір келіншек ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа шұғыл көмек көрсетуге қаладан санавациямен дәрігерлер барған. Олар келіншектің өзге де бірнеше жарақаттары барын айтады. Басынан да қатты соққы алған. Сондықтан денсаулығына қатысты әзірге нақты шешім айтуға ерте дейді. Ал күдікті аудандағы мектептердің бірінде биология пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді. 20 жылдан аса тәжірибесі бар маман.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
Полициямен адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер жарияланбайды. Іс департамент басшылығының бақылауында.