$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бірқатар нысанды аралайды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бірқатар нысанды аралайды

Қазақстанға Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды. Екі күндік сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізеді. Келіссөз жүргізіп, қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын  талқылайды. Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.