Астанада Қазақстан өнеркәсібіне "жасыл" технологияларды енгізу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда экологиялық стартаптардың қазақстандық өнеркәсіптің өндірістік процестеріне интеграциялану перспективаларын талқылап қана қоймай, орнықты шешімдерді масштабтаудың бар кедергілері мен мүмкіндіктерін айқындалды. Сондай-ақ инновациялық технологияларды дамытудағы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің рөлі қарастырылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өнеркәсіпте жасыл технологияларды қолдану тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізудің кілті екенін атап өтті.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
Бұл жай ғана инновация емес, қоршаған ортаға әсерді қысқартуға нақты қабілеті бар қолданбалы шешімдер туралы. Стартаптар ұсынатын икемді технологияларды кеңінен енгізу маңызды.