$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Мүгедектердің сайлау кезінде дауыс беруі үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін

AstanaTV
21.04.2025ж. 20:00
186
Мүгедектердің сайлау кезінде дауыс беруі үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін

Мүгедектердің сайлау кезінде дауыс беруі үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін.

Олардың құқығын қамтамасыз ету мәселесі бүгін орталық сайлау комисиясында қаралды. Осы орайда қолжетімділікті дамытуға арналған жол картасы әзірленіп, техникалық мүмкіндікті арттыру жоспарланған. Сондай-ақ сайлау учаскелерінде көру қабілеті бұзылған жандар үшін тиімді бағдарлама енгізілмек. Өйткені мүгедектер үшін қолжетімді жағдай барлық сайлау учаскесінде бар болғанымен, әрқашан ыңғайлы бола бермейді дейді мамандар.



ЗАХИРА БЕГАЛИЕВА, "ITEACHME" ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сайлау учаскелері мүгедектер үшін дауыс беруге үнемі ыңғайлы бола бермейді. Бірақ осы жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар бар. Жасанды интеллект арқылы ым тілі мен қарапайым тілді түсінуге көмектесетін жоба ойлап таптық. Осыған дейін жобаны таныстырғанбыз, қолданысына орталық сайлау комиссиясы қызығушылық танытты.