$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Кітап оқитындар көбейді

AstanaTV
21.04.2025ж. 20:00
100
Кітап оқитындар көбейді

Елімізде кітап оқитындар көбейді. Басым бөлігі қағаз түрінде оқығанды ұнатады. Соған сәйкес кітапханалар да жаңара бастады. Оқырмандар клубы әр жерде ашылуда. Сұраныстың көптігінен кітап дүкендеріндегі баға соңғы 1 жылда 3%-ке өскен. Оқитын ұлтқа айналуға қадам басталды.


БЛИЦ:

ПАВЛОДАР:


- Романдарды оқимын көбінесе. Былай психология кейде оқимын.
- Уақыт жоқ, ауыр жұмыс қой біздікі.


ҚЫЗЫЛОРДА:

- Балаларға кітап оқуға кеңес беремін. Қазір көп балалар интернетте отырады.
- Телефонға қарағанда кітапты оқыған дұрыс негізі, жалпы.
- Кезінде денсаулығым жарамады, оқымадым әйтеуір. Көзім жасаурап кетеді.


ҚАРАҒАНДЫ:

- Оқығанды жақсы көрем. Электронды болсын, қағаз түрінде болсын, оқи беремін.
- Кітап оқып, оны елестетіп, электронды әлемнен ажыраған жақсы ғой.


Қанша адам болса сонша пікір бар. Бастысы кітап оқитын адам азайған жоқ. Керісінше көбейіп келеді. Тіпті кітап пен кітапхананы қалың оқырманға жарнамалап жүргендер жетерлік.

АЙБЕК САЛДАТБЕК, ТІЛШІ:

Әлеуметтік желіде көпшіліктің қызығушылығын тудырған кітапханаға да келдік бүгін. Бұл жерде 20 мың кітап қоры бар. Келушілер де аз емес. Мұндағы жаңа дизайн, ерекше стиль және жинақылық. Сұлулыққа кім қызықпайды? Бәлкім бұл оқырманның қатарын көбейтудің ең ұтымды тәсілі болар.


Осындай көз тартар үлгіде 1 ай бұрын ашылған Қосшыдағы ХИТ кітапханаға елдің әр жерінен күніне жүздеген адам келеді. Бірі кітап оқып, бірі контент түсіреді. Демек оқырманды қызықтыру үшін осы күнгі талапқа сай дұрыс қадам жасай білу қажет.

СЫМБАТ ҚУАНДЫҚОВА, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі оқырманның талғамы өте жоғары, соған сай мына ғимарат қазіргі оқырмандарға барлық жағдайды жасап отыр. Трендтегі хит кітапханалардың бірі болып тұрғандықтан блогерлер тарапынан да өзі, біздің сұранысымызсыз-ақ өзі жүріп жатыр мынау жаңағы жарнама жағы. Таяуда ғана міне Өскеменнен, Алматыдан арнайы оқырмандар келіп кетті.


Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана. Ал енді оқырман азайып, олар баратын орындар жоғалса не боларын ойлаудың өзі қиын. "Жаппай кітап оқитын ұлтқа айналуымыз" керегін Мемлекет басшысы да айтқан еді. Оқырман қатарын көбейту тоқтамаса игі.