$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Қонаев қаласында 1 шақырымдық заманауи жағалау ашылды

AstanaTV
21.04.2025ж. 20:00
131
Қонаев қаласында 1 шақырымдық заманауи жағалау ашылды

Алматы облысы Қонаев қаласында 1 шақырымдық заманауи жағалау ашылды.  Ұзындығы 1 шақырым болатын  жаңа жағалауды  FREEDOM HOLDING коорпорациясы сыйға тартқан.  Балалар мен спорт алаңдары, воркаут-аймақтар, субұрқақтар мен жайлы серуен жолдары — мұның бәрі енді тұрғындар мен қонақтардың игілігіне қызмет етпек.

Жаңа жағалау заман талабына сай жабдықталған. Бұрынғы аумақ енді балаларға, жастарға және спортсүйер қауымға арналған кеңістікке айналды. Мұнда демалып, спортпен шұғылданып, отбасыңызбен серуендеуге барлық жағдай жасалған.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

7км жағажай бар. Мынау 1-ші км осындай түрде бүгін аяқталды. Ар жағы да жөнделіп жатыр. Бұл жағажайды бізге сыйлық ретінде ұсынған FREEDOM HOLDING коорпорациясы. Оларға алғысымызды айтамыз. Бұл жерде осы Алматы облысының архитекторлері де жұмыс істеді. Компаниялары да жұмыс істеді. Солардың идеялары іске асқан осы көрініс.


Ауқымды жобаны жүзеге асыруға FREEDOM HOLDING CORP компаниясы 4,53 миллиард теңге көлемінде қаржы салған. Ашылу салтанатында арнайы концерт ұйымдастырылып, нысан коммуналдық меншікке берілді.

ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP. КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қонаев қаласы өте қарқынды дамып келе жатыр. Сол себепті біз мұнда жағажайдан бөлек тағы сымсыз интернетті орнатып жатырмыз. Облыстық әкімдікпен ақылдасылған 1 км жағажай құрылысын аяқтадық. Біз мұнымен шын мәнінде жағажайдың қалай көркейе алатынын көрсеткіміз келді. Алдағы уақытта бұл жағажай халық көп демалатын орынға айналады деген сенімдеміз.


Қайта жаңғыртылған жағалау — Қонаев қаласының жаңа тынысы. Бұл демалыс орны ғана емес, өңірдің туристік әлеуетін арттыратын маңызды қадам болды.