$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Түркістан облысы Жетісай ауданында 30 тонна қоқыс шығарылды

Түркістан облысы Жетісай ауданында 30 тонна қоқыс шығарылды

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы бүгінде бүкілхалықтық сипатқа ие. Қатысушылардың қатары  күн санап артып келеді. Экобелсенділер мен демеушілер есебінен жасыл белдеу қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бір ғана Жетісай ауданында биыл 25 мыңға тарта түрлі көшет егілмек. 1186 шақырым жол бойы мен 1285 дана белгіленбеген қоқыс орындарын жою жоспарланып отыр. Жетісай ауданында өткен жалпы аудандық тазалық шарасына бір күнде  2500 адам қатысты.  Олар талдарды әктеп, шөптерді орды. Сенбілік барысында қала көшелері мен қоғамдық орындарды, шет аймақтар  қоқыстан тазартылды. 30 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Тұрғындар мұндай шараның маңызы бөлек дейді.

ҰЛЫҚПАН АБИРОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл экологиялық маңызы да зор. Тазалығы бар және де егілген талдардың бәрі келешек ұрпақ үшін маңызы өте зор еккен талдарымыздың бәрі. Міне көріп жатырсыздар, біз келіп апта сайын сенбілікке шығып жатырмыз. Жылдың соңына дейін шығамыз.