$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар орталығында 300 жылдық тарихы бар кітаптар сақталған

21.04.2025ж. 20:00
72
Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар орталығында 300 жылдық тарихы бар кітаптар сақталған

Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар орталығында 300 жылдық тарихы бар кітаптар сақталған. Оларды  қалпына келтіру  үшін мамандар 1 немесе бірнеше ай еңбектенеді.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Менің қолымда Кенесары ханның құраны. Кітап 18-19 ғасырларға жатады. Құранды ханға жақтастарының бірі Марал Ишан сиға тартқан. Мұнда Кенесары ханның мөрі мен оған арнайы жазылған дұға бар.


Орталықта  9 мыңнан астам кітап бар . Оның 2 мыңы  19-20 ғасырға жататын өте сирек, құнды баспа болып есептеледі.  Біршамасы араб, парсы, шағатай тілдерінде және төте жазумен  жазылған.

ӘДІЛӘЛІ ЖАБЫҚБАЙҰЛЫ, ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ МАМАН, АРХЕОГРАФ:


Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі Қарахан дәуіріне жатады. Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегінде жалпы мынау орта Азияда сопылық ілім туралы ескі түркі және қыпшақ тілінде жазылған. Одан кейін 1912 жылы шағатай тілінде жазылған еңбегі бар.


Кітапты өңдеу жұмыстары арнайы кезеңдерден  тұрады. Ең алдымен кітап толық дезинфекциядан өтеді.  Одан соң химиялық қышқылдармен  бейтараптандырылады. Соңғы кезең -реставрация және түптеу. Бір кітапты қалыпқа келтіруге кемінде 1 ай уақыт қажет.

ЖАНСЕРІК БЕЙСЕНҚҰЛОВ, СУРЕТШІ, РЕСТАВРАТОР:

Зергерлік жұмыспен теңестіруге болады деп едім. Әсіресе өсіру кезінде, жыртылған беттерді қайтадын бір-біріне құрастыру кезінде, жамак кезінде әрбір бөлшекке, әрбір жыртылған кітаптың аумағына өте қатты тианақтылықпен, ыждахаттылықпен   қарап соны жасап шығу керек уақыт алады және үлкен бір зейінді қажет етеді.


Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 140-тан астам сирек кітапты түптеген.