Елімізде Ұлы Отан соғысының 111 ардагері тұрады. Сондай-ақ оған теңестірілгендер – 16 796. Ал тыл еңбеккерлерінің саны 40 мыңға жуық. Биыл аталған санаттардағы азаматтарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін 17 млрд теңге қарастырылған. Қазір оның 4,3 млрд теңгесі төленді. Мемлекет қамқорлығы жәрдемақымен шектелмейді. Ардагерлердің шипажайда тегін емделуге мүмкіндігі бар. Қарт майдангерлер өзі таңдаған орталықта сауықтыру шарасынан өтеді. Айта кетейік, былтыр елордалық 1 соғыс ардагері және 25 тыл еңбеккері шипажайға тегін жолдама алған.
МӨЛДІР ШОЛАТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Жергілікті бюджет есебінен ол кісілерге тегін жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге жолдама беріледі. Тыл еңбек ардагерлері де жылына бір рет санаторлық-курорттық емделумен тегін қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік сатып алу жүргізілуде, таңдаған санаторияларына барады.
Қазақстанда 111 соғыс ардагері бар
Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 16 796
Тыл еңбеккерлері – 39 588
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 17 млрд теңге
Төленді – 4,3 млрд теңге