$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Жеңістің 80 жылдығы: Ардагерге құрмет, ұрпаққа өнеге

AstanaTV
21.04.2025ж. 20:00
79
Жеңістің 80 жылдығы: Ардагерге құрмет, ұрпаққа өнеге

Жеңістің 80 жылдығына орай  «AMANAT» партиясы «Ардагерлерді ардактайық» жобасы аясында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуді жалғастыруда. Алматыда Алатау ауданында 99 жастағы Құлбай Анафияевпен кездесу өткізіп, шапан жауып, сыйлықтар табыстады. Ардагер өз естеліктерімен бөлісіп, елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі. Бұл кездесудің мақсаты – тарихты ұмытпау, жастарға ерлікті насихаттау және ардагерлерге құрмет көрсету дейді ұйымдастырушылар.

ГҮЛЖАН БЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, ”AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Кездесіп, жақсы тілектерімізді айтып, атаның да бүгін көңіл күйі жақсы екен. Біздің құттықтауымызды қабыл алып, ол кісі де өзінің батасын беріп, елге деген, жерге деген өзінің сүйіспеншілігін білдіріп жатыр.