$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Президент Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

AstanaTV
21.04.2025ж. 22:38
94
Президент Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Astana TV.

Президенттің өз жазбасында Понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға екендігін атап өтті.

Мен Рим Папасымен кездесулерімді және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған діни төзімділіктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске аламын. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы және конфессияаралық диалог пен келісімнің қорғаушысы ретінде мәңгі сақталады, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.