Танымал әнші Қарақат Әбілдина "Сырласу" бағдарламасына берген сұхбатында жары Қыдырәлі Болмановтың денсаулығы сыр бергенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Қыдекең денсаулықпен сыналғаны рас. Бірақ ешқашан ешкімге шағымданбаған. Соңғы 2-3 жылдан бері жақсы дәрігерлерден ем алып жүр. Германияға барып жүргенде менің туған күніме тұспа-тұс келіп, туған күнін тойлау үшін барыпты деген қауесет тарады. Сондай әңгімелерге еріксіз күлкім келеді. Бірақ олай емес еді. Қазір енді медицина дамыған, дер кезінде ем-домын алып жатыр", – деді әнші.