$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

AstanaTV
22.04.2025ж. 11:53
76
Астанада ҰҚК қызметкері өлі табылды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды, тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Полиция органдары соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған хабарламада.

Комитет мәліметінше, болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Астана Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

"Алдын ала мәлімет бойынша 42 жастағы ер адам пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.