$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Қарағай көшеттерін ұрлады

AstanaTV
22.04.2025ж. 16:57
289
Қарағай көшеттерін ұрлады

Ішкі істер министрлігі заңсыз ағаш кесу мен орман қорын жою фактілерін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі түрде мақсатты іс-шаралар жүргізіп келеді. Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.​Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды.​260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.