$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Абай облысында 10 млн теңге қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды

AstanaTV
22.04.2025ж. 18:21
42
Абай облысында 10 млн теңге қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды

Абай облысында 10 миллион қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, арнайы айып тұрағына жеткізді. Ұсталған көлік жекеменшік сот орындаушысының қаулысына сәйкес тоқтатылған. Ресми мәліметке сәйкес, көлік иесінің мемлекет алдындағы берешегі 10 миллион теңгеден асады. "Қауіпсіз жол" іс-шарасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот актілерінің орындалмауына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған. Абай облысы полиция департаменті азаматтарды сот шешімдерін уақытылы орындап, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады.