$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Жетісудағы дүкендердің бірінде кішкентай ұлды терминалдың тоғы соққан

AstanaTV
22.04.2025ж. 18:52
82
Жетісудағы дүкендердің бірінде кішкентай ұлды терминалдың тоғы соққан

Жетісу облысының жаңалықтарын тарататын паблик авторы Айдос Кертаев баласын дүкендердің бірінде тұрған терминалдан тоқ соққанын айтып, видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Менің ұлымды кеше тоқ соғып алды. Терминалдың тоқтары жабық. Баламның қолы күйді, қазір жағдай тұрақты, жұмаға дейін ауруханада жатамыз», - деп жазды ол.

Ол тұрғындарды абай болуға шақырып, баласын тоқ ұрған сәттің видеосы мен оның ауруханадағы суретін жариялаған.