$518.07 €595.21 ₽6.37
×

Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылды

AstanaTV
22.04.2025ж. 19:31
66
Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі құлап қалды. Университет дерегінше, мұнда студенттер тұрмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, апатты деп танылған №2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған.

Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қараша айында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес «PFA compani» ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды, — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.